«Ана» туралы әнге жылаған ит жұртты да жылатты
ТикТок әлеуметтік желісінде «Майлыбек — Майло» атымен жұртқа таныс ақылды ит тағы бір әрекетімен көрерменінің көңілін босатты деп жазады Democrat.kz.
Иесін теледидар тұрған бөлмеге «шақырған» ақылды ит «Анаға сәлем» әнін бірге тыңдайық деген сияқты. Әнді ұйып тыңдаған Майлыбай бір кезде көзінен сорғалаған жасты сүртіп жатты. Видеоның әсері сондай, көрерменнің көпшілігі «ит екеш иттің жүрегі жұмсақ», «Майлыбай бізді де жылатты» деп пікір жазуда.