«Шерзат ісіндегі» Айтбектің рөлі қандай?

0
1770

Менің ойымша «Шерзат ісін» жоспарлы түрде алып жүру үшін мынаны әдейі әкеліп, араластырып, «негізгі кейіпкер» Қаржаубайды «жетектеп жүруі үшін» қасына көрінбейтін жіппен қосақтап қойған сияқты, ә?

«Нұрқанат психологпен сөйлескенде суицид туралы ойлары болғанын, бірақ оның дұрыс еместігін айтып, райынан қайтқан..

сол күні көңіл-күйі болмаған..» дегені —«кісі қолынан өлмегені, өзін өзі асқаны шындыққа келеді..» деген версияны технично, арамдық ойламайтын мыңдаған қазаққа «жұтқызып» отыр.

Қолдан ұйымдастырылған «қаңтар» оқиғасынан қорқып қалған қазіргі билік, Назарбаевтар «Талғар оқиғасын» пайдаланып— «көңіл-күйі жоқ халықты көшеге шығарып— «Қаңтар-2» ні жасап жібермесін..» деп, «Айтбектердің» аузымен алдын алып жатыр.

Ринат Зайытовтың журналистерге «дәл осы «Талғар оқиғасындай» оқиғалар Үржарда, Мақаншыда болып жатыр, соны неге айтпайсыңдар?» дегенінде титтей мән бар.

250 мың жансаны бар Талғар ауданы— тұрғындарының 70-80% қайсыбір биліктің жұмысына «ежелден көңілі толмаған» Алматының іргесінде тұр.

«Талғарды «тұтатсақ» —Алматыны ешкім де «өшіре» алмайды» деген принціпті ұстанып, отқа май құйып отырғандар болуы әбден мүмкін.

Болмаса, шалғай ауыл аудандарда қылмыстың қылмысы болып жатыр ғой шынында..

Біздің билік «биліксіз қаламыз ба..?» деп бекер қорқады.

Халықта билікті бүгін-ертең ауыстыратын бірлік жоқ!

Руға, аймаққа, ұлтқа, сенім-нанымға бөліну бар елде бірлік болмайды.

Сосын, бірліктегі халық билікке талап қоюы үшін әрбірі сауатты болуы тиіс.

Әйтпесе, озбырлық пен жемқорлықты айтып жатқандар жетеді, естір құлақ—ұрандайтын жүрек болса кәнеки..

Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.