Қазақтың «қонақ асы» үшін имамдардың неге басы ауырады?

0
75

Неге молдалар қазақ салтына араласады? Өлімге қатысты дəстүрдің ішінде тек қонақ асына молданың тұмсығын жолатпайды. Сол үшін молдалар қазақтарға қарсы сыртынан қонақ асына қарсы пəтуа шығарыпты. Бұл қазақты жою амалының бір тəсілі!

Қонақ асы — ежелден сақталған салт. Өлген адамның жер бетінде бітпей қалған істері бар. Солардың ең маңыздысы келем деген қонақты күтіп алу.

Əрине, адамның ауыр хəлде болғанын естісе, оның көңілін сұрау қазаққа парыз. Сондықтан келетін қонақ ішінде барлық туыс, жора, достар болатын еді.

Солар қонақ асына жиналып, жерлеу рəсімін ұйымдастыру шараларын келіседі. Мысалы, той томалақ болғанда туыстарды «Мəселе шай»-ға шақырады.

Өлімді жөңелтуді ұйымдастыру шарасын «Мəселе шəй» дей алмайды. Оны аса ұқыптылықпен, аса мəдениеттілікпен «Қонақ асы» — дейді.

Қонақ асына жиналған туыстар шын көңілімен қайғырып, өлген адаммен қоштасады. Қайғылы отауға жəрдем беру, елді күту, қайда қалай жерлеу керек деген мəселелерді ойластырады.

Өлім жүгін қазақ еш қашан жалғыз көтермеген. Оны ел көтеріп кететін. Ал молдалар түскен ауырдың үстіне жүк болып отырып алады да өздеріне пайда болмағанға қарсы шығып жүр.

Негізі, қазақ қазақ болып рұхымызды жандандырамыз десек, молдаларды жаназаға жолатпау керек. Жаназа сауалдарын қайтыс болған адамды жақсы білетін адам қою керек.

Олар өлген адам мен тірі адамдар арасында шешілмей қалған мəселелерді шешіп, қайтқан адамның жүгін жеңілдету үшін қойылады.

Қарызы болса, кім оны өтейді? Реніші болса, кешіріп, кешірім сұрасын дейді. Аяқталмаған міндеттері артында қалған ұрпағына жүктеледі.

Араптар ондайды істемейді. Қайтқан қазақты О дүниеде туыстары, таныстары қарсы алады. Сонда ренжісіп, араздасып, қарызы өтелмеген жандардың айыптары жанын ауырлатады деп сенген.

«Жақсы адам бе еді?» — деген сауалға жауап, жанына демеу болады деп сенген.

Ал молдалар қазақ тілін арап тілінің алдына жығып арапша бірдеңке айтқаны еш қандай əсер етпейді.

Тек қазақты алдап ақша жинауға көмек етеді. Құранда намазды арапша оқы, жаназаны арапша оқы делінбеген.

Соны түсінбеген болған молдалар тек өздерінің делдалдықтарын асырып өлімнен баюды ғана ойлайды.

Айгүл ҚОҚАЙ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото интернеттен.