Әлихан Бәйменов жаңа қызметке тағайындалды

0
204

Қазақстанның Тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті болып Әкім Тұрсұн сайланды. Ал бұған дейін республикалық федерацияны басқарған Әлихан Байменов ұйымның Құрметті президенті болып бекітілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Әлихан Байменов Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы президенті қызметін жалғастырады», — деп жазылған ақпаратта.

Айта кетейік, Әлихан Байменов республикалық федерацияны 2004-2025 жылдар аралығында басқарды.

Әлихан Байменов туралы не белгілі?

Әлихан Байменов бұған дейін Үкіметте жауапты қызметтер атқарған. Ол — 2014 жылғы қыркүйектен бастап Астана мемлекеттік қызмет хабы (ACSH) басқарушы комитетінің төрағасы.

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Байменовпен кездесіп, бірқатар тапсырма берді.