Нұрсұлтан Жақсыген: Фари, кешірші мені

0
211

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыген «Menin omirim» бағдарламасына берген сұхбатында ажырасып кеткен әйелінен кешірім сұрамақ болып, қоңырау шалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бағдарлама барысында жан сырын ақтарып, ажырасқанына өкінетінін айтқан соң жүргізушінің ұсынысымен актер бұрынғы әйеліне хабарласады.

«Телефонын көтермейтін шығар. Бұрын телефонымда аты «Жүрек» деп тұратын, кейін «Фари» болды. Гудок барып тұр», — дейді актер.

Алайда Нұрсұлтан Жақсыгеннің қоңырауын бұрынғы әйелі көтерген жоқ.

«Отбасын сақтап қалу – әрбір ер-азаматтың міндеті. Қателескен жерлерім болса, кешірім сұраймын. Халықтың алдында, өз ата-анамның, ол кісінің ата-анасының алдында кешірім сұраймын. Алла қаласа отбасымды сақтап қалуға бар күшімді салуға тырысамын», — дейді актер.