Профессор әкімге жазған хатын неге өшіріп тастады?

0
147

Әлеуметтік желіде профессор Зікірия Жандарбек Түркістан облысының әкіміне хат жазып, неге екені белгісіз, ол жазбасын өшіріп тастады деп хабарлайды Democrat.kz.

Бұл ақпарат Democrat.kz. порталының жеке поштасына келіп түсті. Өз хатында профессор Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровке  “…еліміздің киелі мекені, тарихи және рухани астанасы – Түркістан қаласына қатысты аса бір өзекті мәселе жөнінде үн қатуға мәжбүр болып отырмын” де келе: “Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің іргесінде басқа діни конфессияға тиесілі қорымның орналасуы – біздің тарихи-рухани санамызға, ұлттық идеологиямызға қайшы келетін жайт деп есептеймін” дейді.

Жазбасының түйінін Зікірия Жандарбек:

“Осыған орай, Сізден Әзірет Сұлтанның кесенесінің айналасын тарихи-рекреациялық аймақ ретінде жүйелеу, еврей қауымының қорымын басқа лайықты орынға құрметпен көшіру мәселесін қарастыруыңызды сұраймын” деп аяқтапты.

Профессордың бұл хатты жазып, жариялап, артынша неге өшіріп тастағаны белгісіз. Десек те, Зікірия Жандарбектің бұған дейін де әкім-қараларға, билік өкілдеріне осы сарындағы хат жазғанын анықтадық.

Бірде Жансейіт Түймебаевқа, енді бірде Өмірзақ Шөкеевке жолдаған хаттарында да осы мәселелерді көтерген. 2018 жылдан бері әр келген әкімге хат жазумен болған профессордың бұл жолы өзі жазып, өзі өшірген жазбасын түсіне алмадық.

Фото интернеттен көрнекілік үшін.