Мектеп кәсіподақтарын түгел тарату керек: Мұғалімді қорғамайдын ұйым кімге керек?

0
4306

Бұрын қалалық білім бөлімінде мұғалімдердің қалалық бір “Кәсіподақ” болатын. Кәсіподақ мекеме қызметкерлерінің ерікті ұйымы. Кәсіподақ қажет десе мекеме /мектеп/ әкімшілік араласпай ұжым өздері шешіп құрады. Кісіподақ жарғысын бекітіп, мүшелерін, төрағасын өздері сайлайды.

Қазір кәсіподаққа қатысты алуан пікірлер айтылуда.

Айтса айтатынындай бар екен. Бұрын ұстаздарға ара түсіп танылмаған пысықайлар кәсіподақты кәсіпке айналдырып ашып алуда деуде.

Педагогтар кәсіподғы өзінің тікелей мақсатын орындауда ма?

Мен әлдебір кәсіподақтың мұғалімді қорғағанын көрмеппін.

Шымкентте мектеп мәселесіне 1990 жылдардан бері  кіріссем де, мұғалімдер құқын қорғауға 1998 жылдары араластым.

Мектепте түрлі драмалар 1996ж мектеп директорларына мұғалімдерді қабылдау, босату құқы берілгеннен кейін басталды.

Алғашқы шағымданған үлкен апай: жұмыспен директорға кірсем директор сөзімді тыңдамай қолын щошайтып “Вон отсуда” деп шығарып жіберді деп жылап келді. Кейінде техник қызметкері арызданғанда “Отырар” телеарнасын шақырдым. Жұмыстан кетті. Ол кезде “Отырар” тв түнде де болса келетін. Оқушылардан ақша көп жиналатын уақыт. Беретін ақшасы болмай намыстанып оқуға бармай қойған оқушылар болыпты дегенді кейін есіттім.

Бір оқушы қыздың әкесі үйге келіп, қысқартуға түстім, жұмыс жоқ, мектепте қызыма апайы ақшаң жоқ (№62 мектеп директоры ер адам)  шешең пісте сатады пісте әкел депті, оқушылардың көзінше қызымның намысына тиді деп келді…директорын кетірдік.

Қызым №47-мектепте оқитын. Сыныптас қызы беретін ақшасы жоқ 5- күн оқуға келмепті. Ол мәселе директорға айтылып ескертілді.

Балаларымыз білім, тәрбие алатын орында пара, ақша жинау, қудалау туралы шағымдар көбейді. Шымкенттегі маған шағым түскен есімдегі мектептер: 1.2.3,5, 7, 8.9,10, 11, 12-мектеп инт.17, 19, 21, 24, 25, 26 28, 31, 33, 36,38, 39,40, 44, 49, 52, 54,62, 64, 66, 69, 76 81.106, 125 Музыкалық мектеп, Колледж , тағы екі колледж, .. Арыс, Сайрам Түркістанға да арызбен барғанмын. Жоғарыдағы шағым түскен мектептің бәріне барғанмын, көбісіне мақала жазылған.

Қазір ол директорлар демалыста. Арызбен №40-мектепке барсам директоры күйеуін шақырып мені көрсетіп “Разберис” дейді. Мақала шықты Ж.Тажиева директорды жұмысынан босатты.

№33-мектепте аттестацияға 20.000 тенгеден жинаған.

Жиын өткізіп мұғалімдерге 5000 теңге алып қалып, қалғанын қайтарттық. Директор босатылды.

№44- мектепке қатысты да ” Табелдегі жалған бағадан директор басын алып қашуда” деген мақала жаздым. Осы мектепке қатысты үш мақала жаздым.

Мәселе алтын медаль беруге директор “5” деген  баға қой деген, орынбасары көнбейді. Шиеленіс осыдан басталып 28 жыл өтілі бар орынбасарын сотқа беріп босатады…. Білім бөлімі басшысы Марқұм Нысанов Ғабитке айтып басқа мектепке ауыстырдық.

№76- мектепке келген директор ұжымды жинап арақ әкеліп туған күн өткізуге тапсырма берген, көмір сатқан, енесін ұрып жағын сындырған. Мақала шыққан.

№7, 54 мектептен түскен шағымға қатысты қалалық білім бөлімінен, қаржы полициясынан мамандар шақырып ұжыммен жиын өткіздім.

Ата-ана, мұғалімдер 13.05.2001ж жиын өткізіп маған сенім артып ОҚО ” Білім саласында ақша жинау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық штаб” құрылып мені жетекші сайлады. Қызықты қараңыз.

 Экономика колледжі директоры марқұм Алипова Клара ханыммен білім саласындағы жемқорлық туралы колледжде жиын өткізуге келісім алып кеткенмін. 13.05.келсем Клара апайымыз кешірім сұрап Білім басқармасынан, прокуратурадан хабарласып өткізуге рұхсат бермегенін айтты. Апайымызда кінә жоқ. Жиынды басқа жерде өткіздік. Билікке қоғамның жемқорлықпен күресі ұнамаса керек.

Сол кезде №64- мектептің арызы көпке созылды.

Мұғалімдер арызы бойынша Білім бөлімі, Ревизорлар, полиция 9- бөлімі бәрі келіп жауып кете берген соң маған шыққан. Ақша жинау, қудалау, банкіден қаржы алған.

Мұғалім, директор орынбасарының айтуларынша: бір ревизор – телевизор алған. Екінші ревизордың баласы сыныптан секіріп өткен. Үшінші: сол мектеп мұғалімі баласы 10-мектепте тексеруге келген полицияның баласымен 7-сыныпта бірге оқиды екен. Балалы үйдің ұрлығы жатады ма?

Бала сыныптасына: папам №64 мектеп жақтағы почтаға барсаң біреу 300 доллар береді соны алып кел деп жұмсады. Қорқып барып алып келдім. Келсем папам да қорқып отыр екен депті.

Ол мектепте ең алғашқы Қазақстанда “Қазақ тілі- әдебиеті” пәнінен олимпиада жеңімпазы мұғалім қызды қорғадым. Директор қолына жарақат салған. Сот директорды амнистиямен босатты. Ол мектеп туралы үш мақала жазғанмын. Мен келісім шартпен Азат, Діл, Самала, Тіршілік, Әділет газеттерінде тілші болғанмын.

Содан таныстар “Враг директоров” дейтін.

Ревизордың машинасына мұғалім қызды салып жіберген. Саунаға барғанда қыз қашып шыққан….. Басқа мектепке ауысуға көмектестім. Бұл туралы да мақала жазылған.

ОҚО білім басқармасына қарасты Көшеден адасқан балаларға арналған мекеме басшысы  (марқұм болып кетті)  күнде ішеді, қызметкерлеріне тыныштық бермейді.

Жемқорлық та бар. Орынбасарын, тағы үш қызметкерін жұмыстан шығарады. Білім басқарма басшысы А.Елшиева болатын. Бұл туралы “Әділет” газетіне төрт мақала жаздым. Төрт қызметкерді сот қызметтеріне қайтарып, бос уақыттарына жалақысын төлетті.

Біз жеңдік. Менің осы тауралы төртінші мақалам 25.02.2013ж шықты. Мені 26.02. Түнде келіп басымнан темірмен ұрып өлтірмекші болды. Басымдағы қалың құлақшын сақтап қалды.

Аман- сау 15-күн ауруханада емделіп шықтым. Полиция тапсырыс беруші жорамалы болғанымен дәлел жоқ деп жауып тастады. (Мені аңдып жүргендер 2005 ж жазда үйімнің жанында кеште маған келген штабтың белді мүшесі Бабарахым Кенжеқараевты ұрып кетті. Миы шайқалып емделіп шықты)

Кейіндері заң бұзушылық азайды. Енді білім сапасы төмендеді.

Айтайын дегенім қаншама мұғалімдер шағымы мен айналыстым ешқашан Кәсіподақтың мұғалімді қорғағанын көрмеппін. Қайта №26 мектепте мұғалімді қорғамағанын көрдім.

Өткен жылы аяғында №106 мектеп ұжымы директоры үмтінен қала әкіміне, қаржы полициясына, білім басқармасына арызданады. Бір ай өтсе де ешкім қарамаған соң бізге шағымданады.

Біз дабыл қағып қаржы полициясына барып, әкім орынбасары С. Абайұлына мұғалімдер шағымын жеткізіп, ұжымда жиын өткізіп, шағым дәлелін тауып директоры қызметінен кетті.

Осы жерде мұғалімдер жарнасын алып, отбасын асырап отырған кәсіподақ қайда? Жоқ. Директорға қарсы шығалмаса керек.

Қазір мұғалімдер өз құқықтарын кәсіподақсыз да қорғай алады. Тек мұғалімдер айлығынан арланбастан бекерге жарна алып отыратын кәсіподақ кімге керек?

Бәрін тарату керек. Бірақ тегін майшелпектен кім айырлғысы келеді?

Жарқынбек СЕЙТІНБЕТ, қоғам белсендісі.

Фото көрнекілік үшін.