Самат Әбіш Қазақстаннан кетіп қалған жоқ па?

0
115

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің ісі жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды, Democrat.kz ақпараттық порталы Ulysmedia.kz.ке сілтеме жасап.

– Мен бұл іс сотта екенін білем. Ал оның қайда, не істеп жүргенін… Ол Қазақстанда. Тергеу кезінде ол «ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен» жүрген. Бұдан әрі айта алмаймын, өйткені бұл іске менің де рұқсатым жоқ», — деді Әсет Шындалиев Мәжіліс кулуарында.

Бұған дейін тергеу қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған, билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша жүргізілгені хабарланған еді. Іс сотқа жіберілген.

Самат Әбіш Қазақстаннан ешқайда шықпау жөнінде қолхатпен жүр. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер болғандықтан, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жарияға жатпайтыны хабарланады.

Фото ашық дереккөзден алынды.