«Трайбализм» білім саласына да ауыз салған ба?

0
1334

Түркістандық журналист Малика Абдалиева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Шымкент қалалық Білім бөліміндегі былықтармен бөлісті деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы.  

“Шымкент қаласының білім басқармасына шындығы мен сұмдығы қатар жүретін мықты басшы келгені баршаңызға мәлім.

Бұл ретте білім саласына жаңа леп әкеледі деген жаңа басшының әрекеттері көңіл көншітпейді.

Айтпағым, мемлекет басшысының саясатына селсоқ қарайтын Бас ҰСТАЗ келген күннен-ақ кадр мәселесін маңызды деп шешті. Оны өздеріңіз де білесіздер.

Өзімен бір тілдескенімде “мен екі ай отырсам да ризамын, тазалауым керек” деген. Ой қозғап қалғам ғой … кімдер екен келмей жатып, Шәмшиеваның (Шымкент қ.Білім басқарма басшысы Нұргүл Шәмшиева -ред.) шамына тиген деп.

Бақсам «бақа» екен дегендей, сол біліммен өсіп, бар жұмысын өз тілімен айтқанда тек “заң жүзінде” қарайтын мықты мамандар бірінен соң бірі, креслоларынан ұшып түсе бастады, яғни босап кетті бірқатары, одан да бейхабар емессіздер.

Ең қызығы, сол бос орындарға жартысы көрші қызылордалықтар болса, тап бас Ұстазға ұстыны ұқсайтын мамандар жиналыпты.

Қош делік!

Сондай-ақ, қала мектептері жеке меншігіндей, директорлар құлдарындай, “көрсетем” дейтін “жарты құдайлар” -дың дөрекі дауыстары тарап жатыр. Мынау әзірге азғана үзінді.

Айтпақшы, білім мекемелері күзетсіз қалды! Оған да, “қызылордалық күзет” компаниясын дайындап жатуы да әбден мүмкін”- деп жазады журналист.

Сонымен қатар журналист Шымкент қалалық Бәләм басқармасы өкілдерінің әлеуметтік желідегі аудио хабарламаларымен бөлісті. Дыбыстық жазбада қалалық «Білім басқармасының есепшісі Раушан Тасболатовнамын» деген бір келіншек пен екі ер кісінің үні жазылған. Дыбыстық хабарламадады ер кісінің біреуі «қолым босағанда, «аяқтарыңды аспаннан келтіремін» деген дөрекі сөз де қолданған. Дыбыстық хабарламаны мына сілтемеге өтіп тыідай аласыздар. Өкінішке қарай, дыбыстық хабарламаларды сайтымызға жүктей алмадық. Десек те, Шымкент Білім басқармасында басталған бұл мәселені жіті назарда ұстайтынымызды айтып өткіміз келеді.

Фото ашық дереккөзден алынды.