Түрік бауырлар да алғашқы жәрдем қолын созды

0
424

Елімізде болып жатқан су тасқынына байланысты Қазақстанда тұрып жатқан түрік бауырларымыз да көмек қолын созды деп хабарлайды Democrat.kz.

MÜSIAD қоры су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көрпе-жастықтан бастап, төсеніш, кілемдерге дейін жәрдем ретінде керуенін жөнелтті. «Бауырларымыздың басына түскен ауыртпашылықты бірге көтерісіп, қайғысын бірге бөлісуге дайынбыз» деген Қазақстанда тұратын MÜSIAD мүшелері «біз әрқашан бауырларымыздың жанындамыз!» дейді.