“Абай — ғұлама емес, Ганди -ғұлама”
Бізден ҒҰЛАМА шықты екен деп мақтанбаңдар, көбірек кітап оқысаңдар, Абайдың айтқандарын одан 2000 жыл бұрын өзгелер айтып кеткен. Абайдың айтқаны бар білімнің 1% не жетпейді. Ал айтпағаны толып жатыр.
Абайдың аузындағы Қазақтың бойындағы барлық кемістіктер кез келген ұлтта бар. Бұл кемшіліктер Қазақтың патенті емес, кез келген отар халық осындай, бірін-бірі аямайды. Абайдың езгіде жатқан отар халықты сынайтын жөні жоқ. Жоқшылық пен надандық барлық жаман мінез-құлықтың төркіні. Абай тек Қазаққа өзімен күресуді үйретті, бірақ отарлаушымен қалай күресуді үйретпеді.
Отар халық бойындағы надандығын жеңу-жеңе алмауы өзіне емес отарлаушыға байланысты. Тәртіпті білетін отарлаушы болады, мысалы ағылшындар сияқты. Олардың отары болсаң, шын білімге қол жеткізу мүмкіндігің бар, олар тәніңді отарлайды, бірақ жаныңды отарламайды. Ал орыс тәніңмен қосып жаныңды отарлайды. Мұндай отарлаушы ешқашан саған бас көтеруге мүмкіндік бермейді, мейлі сен қалай білімге ұмтылсаңда.
Нағыз ҒҰЛАМА деп Мохандас Гандиді атауға жарасады. Өйткені ол халқына тек өзімен күресуді ғана үйреткен жоқ, онымен қосып ең маңызды (екінші дәрі — аурудың қайнары) отарлаушымен қалай күресуді үйретті, әрі тіпті маңыздысы ол өзі халықты ертіп күреске шықты. Құр ақыл айтып үйінде жатпады. Халқына азаттық алып беру жолында оқтың дәмін татып, күрес жолында көз жұмды.
Сен ауырсаң, екі дәрі ішуге тұра келеді, бірі вирусты жояды, бірі вирусты анықтауға көмектеседі. Егер екі дәрінің тек бірін жеп, бірін жемесең, түкке пайдасы жоқ. Абай ұлтына бір дәріні ғана ұсынды, екіншісін яғни отарлаушымен қалай күресіп, қалай азаттық алуды үйретпеді.
Тек өз бойындағы жамандықпен күресуді ғана үйретті. Қазақ тағдыры ішкі және сыртқы факторға байланысты. Абайдың ойын оқысаң барлық кінә тек Қазақтың өз бойында ғана сияқты сезіледі. Бірақ шындығы Гандидің халқы Абайдың Қазақ халқынан да тозығы жеткен, емі жоқ халық еді.
Бүгінгі Қазақта әлі сол қалпы, тек толық отардан жартылай отар хәлдеміз. Қазақтың жауы ешқашан Қазақ емес. Қазақтың жауы ішкі және сыртықы факторды түсінбеген надандығы. Өзіне емес, арабтың құдайына сенім артқан құрапилығы. Егер Қазаққа нағыз азаттық керек болса, онда Абайды емес, Гандиді оқу керек. Бұл Абайды табалағаным, Гандиді мақтағаным емес, бұл таза шындық.
Абай Қазақты оята алмады емес, бүгінгі Қазақ сол Абай ілімінің өнімі. Егер бұл ілім дұрыс болса, өнімі сапалы болар еді. Тағы баяғы сөзім: жарнамаға емес, нәтижесіне мән беріңдер. Не жесең, соны ты…сың. Рушылдықтарың мен Піршілдіктерің қалай қозса да, бұл-шындық.
Әлем Қазақтың ойымен өзгермейді, біз тек бұл әлемнің заңдылығына үйлесуге тиіспіз. Өзіңнің ғұламаңды керемет санама бауырым. Өзіңнен мықты өзге халықтың ғұламаларын оқы, сонда білесің сол ғұламалардың өнімі (халқы) қалай озып алда кеткенін.
Kayrat Rekazдың
Facebook парақшасынан.
Фото ашық дереккөзден алынды.