Мұғалім болып 300 мың теңге айлық алғыңыз келсе…

0
1467

«Мұғалімнің айлығы тым көбейіп кетті» — деп сұңқылдап отыратындарға менен тегін лайфхак:

  1. Екінші жоғары оқу орнына мұғалімдік мамандыққа оқуға түсесіз.
  2. Небәрі екі жылда мамандық алып шығасыз.
  3. Мұғалім жетіспей жатқан мектепке барасыз да, «мен келдім» — деп табақтай дипломыңызды директордың алдына тастай саласыз. Олар бірауыз сөзге келмей ала салады;
  4. 18 сағат жәнесынып жетекшілік аласыз;
  5. Әр сабағыңыздың жоспарын жасайсыз;
  6. Сабағыңызды өткен соң, оның әдістемелік талдауын жасайсыз;
  7. Арасында прикалываться етіп газетке мақала жазып қоясыз;
  8. Сыныбыңыздағы әр баланың басқан шагына басыңызбен жауап бересіз;
  9. Олар бұзықтық жолға түсіп кетпес үшін, патриоттық сезімдерін оятып, сынып сағатында и көрген сайын жетесіне жеткізе жалынды-жалынды сөздер айтасыз; И еще әр кездесуде айтқан сөзіңіздің дәлелі ретінде жеке-жеке хаттама жазып қоясыз;
  10. Оқушыларыңызды олимпиадаға дайындап, олардың орын алуына бар жағдайын жасайсыз;
  11. Бір ерігіп отырғанда оқу-әдістемелік құрал жазып тастайсыз напросто;
  12. Сосын мемлекеттің есебінен анда-санда, көбіне өз қалтаңыздан біліміңізді ұдайы жетілдіріп отырасыз;
  13. Журнал толтырасыз және сеть ұстамай, загрузка болып қанды ішетін БЖБ, ТЖБ, күнделік толтырасыз; Тағы бір лайфхак, жылдам толтырғыңыз келсе түнгі үшті күтіңіз, сол кезде күндізгіден шамалы жылдам істеуі мүмкін;
  14. Біліктілік тестін тапсырасыз;
  15. Толғанииииип отырып эссе жазып тастай саласыз;
  16. Жеткен жетістіктеріңізді көрсететін портфолио жинақтайсыз;
  17. Аттестаттау комиссиясы қарап-қарап, талапқа сай деп тапса сізге аттестатталғаныңыз туралы куәлік береді.

И всё, осыны істесеңіз 300 мыңнан жоғары жалақы сіздікі. Дайынсыз ба, ендеше кеттік.

Ал, әріптестер, тағы не қалып кетті? Толықтырып отырыңыздар.

Ержан ТӘЛІП, мұғалім.

Әлеуметтік желідегі жазбасы.

Фото ашық дереккөзден алынды.