Журналистің бұл ұсынысы қисынды ма?
Журналист Бажкенова отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты ұсыныс жасап, жұрттың назарын тағы өзіне аударды деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы “Чемодан госсекретов” Телеграм арнасына сілтеме жасап.
Орыстілді басылым редакторы, қоғамда түрлі спекулятивті мәлімдемесімен танымал болған журналист Гүлнара Бажкенова бұл жолы әрбір ажырасқан әйелге өзін қорғануы үшін қару беру керек деп ұсыныс жасады.
Әйелін ұрып өлтірген Бишімбаевтың сотынан кейін қоғамда үлкен резонанс туындағаны мәлім. Сондай-ақ билік тарапынан да отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты арнайы заң шығарылып, оған Президент қол қойған еді.
Елімізде күйеуінен зорлық көрген әйелдер қолдаусыз қалмайтынын Бишімбаев соты да көрсетіп берді. Алайда соған қарамастан Бажкенованың ажырасқан әйелдердің қолына қару беру керек деуі қаншалықты қисынды? Билік Бажкенованың сөзі қабыл етіп, ажырасқан әйелдерге қару беруге рұқсат етті делік. Елестетіп көріңізші, қалай болады?
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.