Тест: Суреттен бірінші нені көрдіңіз?

0
2889

Бұл суретке көзіңіз түскен сәтте ең алғаш нені көрдіңіз? Сол көрген нәрсеңіз сіздің тылсымдарға сеніміңіз бен бүкіл жұрттан жасырған ішкі қорқынышыңызды анықтап береді.   

1.Егер суреттен кішкентай қызды көрген болсаңыз, сіз түрлі тылсымдарға шексіз сенесіз. Сондай-ақ өлген соң ғажайып, керемет әлемге өтемін деп сенесіз. Осы өмірде қолыңыз жетпеген нәрселерге о дүниеде міндетті түрде жетемін деп ойлайсыз. Ал ішкі жасырын қорқынышыңыз — кез келген адамды сендіре алатын өтіріктеріңіз бір күні  ашылып қала ма деп қатты қорқасыз.

 

2.Суретке бір қарағанда табиғат пейзажын көрген болсаңыз,  сіз анау-мынау тылсымдарға, ғажайыптарға сене бермейсіз. Барлық жағдайға салқын қарайсыз. Айналаңызда ешкіммен шынайы байланыс орнатпайсыз, сіздің күлкіңізге дейін жасанды күлкі. Міне, осыларды жұрт біліп қоя ма деп қатты қорқасыз.

 

3.Адамның бас сүйегін көрген болсаңыз, сіз кім не айтса, соған сене беретін, өзіндік пікірі жоқ өте қорқақ жансыз. Қорқақтығыңыз сонша, соны басқалар біліп қоймасын деп, кез келген пікірталаста агрессияға жол бересіз. Сіздің шынайы сужүрек екеніңізді өзіңізден басқа ешкім білмейді.