Намазхандар банкті “жаулап” алған ба?

0
376

Ислам принципі бойынша рия («мені діндар» десін, «иманды» десін деп жұрттың көзіне түсуге тырысатын көзбояушылық) қатты айыпталатын жаман қылық.

Алматыдағы Отбасы банктің іші осындай рияға толып кеткен. Шоқша сақал қойып, келте балақ шалбар киген банк қызметкерлері намазын кабинетінде оқымайды, дәлізге жайнамазын әдейі жайып қоятын болыпты. Онысы дәлізбен ары-бері жүрген жұрттың аяғына кедергі. Банкке емес, намазханаға кіріп кеткендей күй кешесің.

Бұл рия емес дейін десең, намазхан адам үш намазын жиып, кешке үйіне барап оқыса да болады ғой. Әйтпесе, жұртқа кедергі жасамай кабинетінің бір бұрышына тығылып намазыңды оқы. Немесе банк басшысына айтып намазхан бөлме аштырып ал, жұрттың мазасын кетірмей…

Мүфтият та рия саясат жүргізіп отыр. Байқаймын, барлық өңірдегі мешіттер азан шақыруды да, намаз оқуын да, жұма намаздың алдындағы имамның уағызын да дауыс күшейткішке қосып қойып, елді-мекен тұрғындарының мазасын алып жатыр.

Түнгі екі жарымда есі ауысқан әтеш секілді бүкіл ауылды айқайлап оятатынын қайтерсің… Мемлекеттік органдар да, әкімдер де бұған қарсы ешқандай шара қолданбай отыр.

Олардың миын да Отбасы банк басшыларынікіндей діни сана шырмап алған-ау. Діни саналы адам дін атын жамылған дінкештердің рия қылығынан әлдебір кие көргендей болып, содан жасқанатын, қорқатын секілді… Мұның арты не болар екен…

Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.

Facebook  жазбасы.

Фото автордың парақшасынан алынды.