Қазақ жазуы 3500 жыл бұрын пайда болған дейді ғалымдар

0
198

Қазақ жазуы кемі 3500 жыл бұрын пайда болған. Бұған дәлел бар. Ғалымдар тастағы жазуларды оқып, оның мазмұнын айқындаған деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы 24.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Мамандар есте жоқ ескі заманнан жеткен дүниелер жазу-сызу өнерінің Ұлы даладан басталғанына шек келтірмейді. 1900 жылы ағылшын археологы Артур Эванс Крит және Кипр арадарындағы көне қаланың орнын қазып, жазуы бар қыш тақтайшалар табады.

Бұл жазуларды кейін 1953 жылдары ағылшын архитекторы Майкл Вентрис оқып, «Кипрді мекендеп, кейін із-түссіз жоғалып кеткен халықтан қалған мұра» деп баға берген.

Бұдан әрі, яғни 2000 жылдардың басында ғалым Амантай Айзахметов осы қыш тақтайшадағы жазуды зерттеп, бұл қазақ жазуының алғашқы нұсқасы екенін дәлелдейді.

Бірақ өзі көп ұзамай қайтыс болған.

Қойшығара Салғараұлы, жазушы-тарихшы:

— Мынаны мен аштым деп айта алмаймын. Ананың аруағының алдында да өзімнің арымның алдында да. Ашқан Амантай. Оқыған Амантай. Қыш тақтайшадағы жазу ғалымдардың зерттеп анықтауы бойынша 3500 жыл. Сөзі мынау. «Анама тор иумі ес айым, құл айлас, ана әр ісі тон өссе, әр ата пана қас оқ өссе, керек ер ет ұл өссе, ана тақ қу».  Ғалымның айтуынша, дәл осы сөздің түпкі аудармасы «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер». Бұл көзі тірісінде Амантай Айзахметовтың анықтағаны. Бұл бір ғана жазу. Ал табылғаны он мыңнан астам қыш тақтайша. Бірақ олар толық оқылып, зерттелмеген. 

Мәрлен Әділов, түрколог: — Негізі түркологиядағы ресми дерек бойынша қазақ жазуының тарихы жетінші ғасырға апарып тірейді. 683-мойын-шор ескерткіші ең алғашқы жазылған ескерткіш. Яғни тайға таңба басқан қылып жылы көрсетілген ескерткіш ретінде тіркелген.   Түркологтың айуынша қазақ жазуының тамыры тым тереңде жатыр. Ол бұл орайда Шумер тілін зерттеген ғалымдардың сөзін алға тартады.   Мәрлен Әділов, түрколог:

— Түркі халықтарынан шумер тіліне сөздер жеткен. Яғни жер деген «тир» деп жазылған. Есік деген «гишк» деп жазылғандай осындай 200 сөз келтірілген. Осыны негізге ала отырсақ, онда біздің жазу тарихымыз, сөздік қор байлығымыз сонау шумер дәуіріне дейін барады.

Қойшығара Салғараұлы, жазушы-тарихшы: — Сөз — тарих. Сөз — тарихи дерек. Сөз — біздің ата-бабаларымыздың біздің халқымыздың қазақ тілі, біздің халқымыздың шежіресі. Бүкіл тарих сөзде тұр. Сөзді құдай жаратқан жоқ, сөзді адам жаратты.

Күні бүгінге дейін сөзді жаратып келе жатырмыз.  Қазақтың сөзі, жазу тарихы тым әріде жатқанмен зерттеуі кемшін. Қазір қолда там-тұмдап жеткен деректер ғана бар. Бұған кеңестік идеология мен мұрағаттардың жабық болуы және көптеген кітаптардың қасақана жойылып кетуі себеп. 

Ал тәуелсіздігіне кейінде ғана қол жеткізген қазақ шетелдің мұрағаттарынан енді ғана сыр тартып жатыр. Мұның сыртында көнеден жеткен тастағы жазуларды оқитын білгір маман да жоқтың қасы.

Фото ашық дереккөзден алынды.