Спорттағы ЛГБТ қауіпті ме?

0
544

Соңғы уақытта спорттық жарыстарға трансгендерлердің қатысуы жиі талқыға түсуде.

Меніңше осы Олимпиаданы ЛГБТ-ны насихаттап, қолдауы үшін Европа әдейі Парижге өткізуге алған сияқты. Себебі ашылу салтанатындағы көріністер, бокстан әйелдер бағдарламасына екі трансгендер еркекті қатыстыруда үлкен мән жатыр, бұл жағдай көпшіліктің ызасын тудырды.

Ерекше назар аударған жағдай – табиғатынан нәзік бір қыздың трансгендер спортшымен бокс сайысына түсуі.

Бұл кездесуде қыз небәрі 46 секунд ішінде нокаутқа түсіп, трансгендер спортшының жеңісімен аяқталды. Бұл не?

Негізі бұл нағыз әділетсіздік, өйткені трансгендер спортшылардың физикалық тұрғыда артықшылықтары бар екендігі сөзсіз.

Қазіргі таңда спортта инклюзивтілік пен әртараптылықты қолдау маңыздылығы көп талқылануда. Дегенмен, бәсекелестіктің әділдігін қамтамасыз ету мәселелері басты назарда болуы тиіс.

Менің ойымша трансгендер спортшыларды Олимпиадаға қатысуларын тоқтату және спортшылар арасындағы теңдікті сақтау мақсатында халықаралық спорт ұйымдары жаңа шешім қабылдауы тиіс.

Бек-Ахмет Әбусейітов,

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.