Әлемдегі ең қымбат қала қай қала?

0
144

2024 жылдағы дерек бойынша ең қымбат қалалар тізімі жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Женева әлемдегі ең қымбат қала боп атанды. Numbeo-ның соңғы деректеріне сәйкес, Швейцарияның оңтүстік-батысындағы бұл қала 101,7 ұпай жинап, өмір сүру құны индексі бойынша бірінші орынды иеленді.

Одан кейін елдің солтүстігіндегі Швейцарияның тағы бір қаласы – Цюрих (100,4 балл). Үшінші орында – Американың ең ірі қаласы Нью-Йорк (100 ұпай).

Үздік ондыққа Сан-Франциско мен Бостон (АҚШ), Рейкьявик (Исландия), Вашингтон, Сиэтл, Лос-Анджелес және Чикаго (АҚШ) кірді.

Рейтингте Алматы (34,2 ұпай) 164-орынға, Астана (31,9 ұпай) 176-орынға жайғасты.