Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма?

0
335

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалімдер оқушылар мен олардың ата-аналарынан гүл алса қуанышқа бөленетінін айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистер Бейсембаевтан ата-аналар мен оқушылар мұғалімдерге гүл мен тәтті-дәмді сыйлауға бола ма деп сұрады.

Сұраққа жауап бере отырып, Бейсембаев кәмпит жайлы ойлану керектігін, бірақ гүл сыйлауға болатынын атап өтті.

– Кәмпиттер жайлы ойлану керек. Тәттіге әркім әртүрлі қарайды. Бірақ, менің ойымша, мұғалімдерге гүл сыйлаған қашан да жақсы ғой. Негізі оқушылардың шын жүректен, бүкіл сүйіспеншілігі, ризашылығымен гүл сыйлау дәстүрі бар. Менің ойымша, бұл дұрыс” дейді ол.

Букеттің құны маңызды ма деген сұраққа министр нақты жауап бермеді. Әркім өз ниеті, көңіл-күйіне қарай сыйлай алатынын білдірді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.