1 және 2 рубльдік монетаға ресейлік әскери техниканы салуды ұсынған
Ресей МемДумасының Ағартушылық комитетінің басшы орынбасары, депутат Яна Лантратова Ресей Орталық Банк басшысы Эльвира Набиуллинаға хат жазды.
Хатта Лантратова алдағы уақытта Орталық Банк шығаратын купюралар мен монеталарға Украинада қаза тапқан ресейлік сарбаздардың суреттері мен оккупациядағы украин қалаларын белгілеуді ұсынған.
Лантратова қандай купюрадан қай қала бейнеленуі тиістігін де ұсыныпты. Мысалы ол 50 рубльде басқыншылар қолына өткен Соледар қаласын, 100 рубльге Бахмутты, 200 рубльге Работино ауылын бейнелеу қажет дейді. Луганск қаласы 500 рубльде, Донецк қалашығы 1 мың рубльде, Авдеевка қалашығы 2 мың рубльде, ал Мариуполь қаласы 5 мың рубльдік купюрада болғаны абзал дейді.
«5 және 10 рубльдік монеталарда арнайы операцияда қаза тапқан ұлт батырларын бейнелеуге тиіспіз. Оған Ресей Федерациясының батыры атағын алған, ерлікпен қаза тапқандардың портреттерін орналастырайық», — дейді депутат. Ал 1 және 2 рубльдік монетаға ресейлік әскери техниканы салуды ұсынған.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ, саясаттанушы.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.