Әйелдердің уақыты ештеңеге жетпейді

0
107

Ұлттық статистика басқармасы әйелдер ерлерге қарағанда ақысыз үй жұмысына үш есе көп уақыт жұмсайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Басқарманың мәліметінше, әйелдердің күнделікті өмірге уақыты жетпейді, өйткені олар ерлерге қарағанда көп жұмыс істейді. Бұл айырмашылық гендерлік теңсіздікті тудырады және елдің Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік айырмашылық рейтингіндегі жағдайын нашарлатады.

Бұдан бөлек бұл рейтинг туралы өткен жылы Қазақстан 146 елдің рейтингінде 62-орынға көтерілген еді.

«Қазіргі жағдайлар әйелдерге тиімді жұмыс істеуге және өз еңбегі үшін лайықты жалақы алуға мүмкіндік бермейді. Американдық және нигериялық ғалымдардың зерттеулерінде жұмыс істейтін және сонымен бірге үй шаруасымен айналысатын әйелдер денсаулығына байланысты проблемалар туралы көбірек айтатыны анықталды.

Бұл теңсіздіктің басты себебі ретінде гендерлік стереотиптер деп аталды», – делінген ұлттық статистика хабарламасында.

Фото ашық дереккөзден алынды.