Әйелдің сөйлеуіне, күлуіне қатаң тыйым салынды

0
1049

Діни немесе шариғат жолымен жүруді аңсайтындар аз емес. Ал сол армандарын жүзеге асырған ел де жер бетінде жоқ емес. Шариғаттың “көкесін” ұстанатын елдің бірі — Ауғанстан деп жазады Democrat.kz.

“Талибан” радикалды тобының көшбасшысы Хибатулла Ахундзада бұған дейін қолданылып келген шариғи тыйымдарға тағы бірқатар тыйымдарды қосты.

Онсыз да ауған әйеліне шариғат тарапынан салынған тыйым аз емес еді, енді оларға дауыстап сөйлеп, күлуге де қатаң тыйым салынды деп жазады Associated Press. 114 беттен тұратын құжаттың  35 бабы “ар-намысқа” арналған. Ауғанстандағы әйелдерге салынған шариғи тыйымдардың біразын тізіп көрсек…

  • Әйелдер үйде ғана жұмыс істеуге тиіс. “Махрамы” жоқ әйелдің үйден аттап басып шығуына болмайды.
  • Әйел еркек адамнан ешқандай зат сатып алуына болмайды.
  • Әйелдің еркек дәрігерге қаралуына болмайды.
  • Қыздардың мектеп, университетте оқуына болмайды.
  • Әйел тырнағына шейін көрінбейтіндей киінуі керек.
  • Егер әйел жалғыз көшеге шықса, егер әйел тіпті тырнағы көрінетін киім кисе, ағашпен ұрып-сабау керек.
  • Егер әйелдің саусақтары көрінсе, ондай әйелді таяқтың астына алу керек.
  • Күйеуінің көзіне шөп салған әйелді таспен атып өлтіру керек.
  • Әйелге косметика қолдануға болмайды.
  • Ешқандай бөтен еркекпен сөйлесуге болмайды.
  • Әйелдің даусын, күлкісін бөтен еркек естімеуі керек.
  • Туфли, каблук сияқты аяқкиім киюге болмайды.
  • Әйелге көпшіліктің алдында, радио, телевидение, интернетте сөйлеуіне болмайды.
  • Спортпен айналысуға тыйым салынған.
  • Велосипед, мотоциклге отыруға болмайды.
  • Гүлді, ашық түсті киім киюге болмайды.
  • Той-томалақ, жиындарға баруға болмайды.
  • Елдегі ешбір жер-су атаулары әйел атауымен болмауы керек. (Сол үшін де Кабулдағы “Әйел бағы” деген жер “Көктемгі бақ” деген атқа ауыстырылған)
  • Терезеден басын шығарып қарауға, балконға шығуға болмайды.
  • Сырттан ешкім көрмеуі үшін үйдің қалың қара перделері терезені үнемі жауып тұруы керек.
  • Әйел өз атын бөтен еркекке айтуына болмайды.
  • Әйелге арналған монша болмайды.
  • Тек қана әйелге арналған автобуспен жүруге тиіс.
  • Ешбір жерде суреті болмауы керек. Ал суретке түсуге мүлде болмайды.
  • Әйелдің суретін кез келген жерде, газет-журнал, кітап т.б жариялауға қатаң тыйым салынған.
  • Музыка тыңдауға болмайды.
  • Теледидар қарап, кино көруге болмайды.
  • Күйеуіне тіке қарауға болмайды.
  • Күйеуі не айтса, соны орындауға міндетті.

Дайындаған  — Хақназар САДЫРХАНҰЛЫ.

Democrat.kz.

Фото көрнекілік ұшін интернеттен алынды.