«АҚШ Қазақстанды сатып алам десе, халықтың 90 пайызы қолдар еді» дейді блогер

0
40

Әлеуметтік желіде белгілі блогер Ержан Рашев Дональд Трамптың АҚШ-пен Гренландияны қосу туралы ұсынысына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Біз Трамптың Гренландияны сатып алғысы келетіні туралы ұсынысына күле қараймыз. Бірақ шынына келер болсақ, егер Трамп Қазақстанды мысалы 500 миллиард долларға сатып алуды (әр қазақстандыққа 25 мың доллардан) ұсынып, оны АҚШ-тың 51-штаты қылса, оны қазақтардың 90 пайызы қолдар еді», дейді блогер.

Айта кетейік, Курсив мәліметінше,жақында АҚШ президенті ретінде ресми түрде қызметіне кірісетін Дональд Трамп экономикалық қауіпсіздік үшін Гренландия мен Панама каналын сатып алу туралы ойын жеткізді. Бұған аралға иелік ететін Дания өткір жауап қатып, Гренландияның АҚШ-қа өткеннен гөрі, тәуелсіз мемлекет атану ықтималдығы жоғары екенін мәлім етті.

Euronews.com АҚШ президентінің қызығушылығын тудырып отырған аралдың экономикалық, климаттық әрі геосаяси маңызы зор екенін жазды.

Басылым мәліметінше, Гренландия қойнауында телекоммуникация үшін қажетті құнды сирек кездесетін минералдар, уран, миллиардтаған игерілмеген мұнай мен қолжетімді бола бастаған табиғи газдың орасан зор қоры бар.

Қашықта жатқан, мұзбен көмкерілген және көп бөлігі табиғи қалпын сақтаған Гренландия күн сайын миллиардтаған адамға әсер ететін ауа райы мен ғаламшарда болып жатқан климаттық өзгерістерде үлкен рөл атқарады.