Астана – “қараорыстың” мекеніне айналды

Астанаға әр келгенде қазақ тілі мәселесіне қарап күңіл күйімді қара бұлт торлап қайтады. Қай жерде болмасын, қай қоғамдық ортада болсын, парктерде болсын белі бесіктен шықпаған, еңбектеген балалардан бүкірейген кәрілеріне дейін ресейтілді.
Апыр-ай, Ресей неге бізге сыйлық жасап отырмайды!? Мынау қараорыстың бәрі теп-тегіс Ресей тілін дамытып, өз жерінде губерния салып беріп отыр ғой.
Ауылдан келген қазақ қатындарының бәрі баласына Ресей тілінде қарым қатынас жасайды. Тәлпіштеніп, соны мақтан көреді. Кіп-кішкентай бөбектер былдырлап ресей тілінде сөйледі.
Ақиқатында, маңызды сектордың бәрі Ресей тіліне байланып, маталып қалған. Мұның бәрін қараорыстың өзі жасап отыр. Ресейге қараорыстың сіңіріп жатқан еңбегі ұшан-теңіз.
Қазақ неге өзінің тіліне осыншалықты сатқындық жасап отыр!? Мен осыны түсіне алмай кететін шығармын. Кім түсіндіріп береді?
Астана қазақ тілінің қолданысын кеңейтуде ең жетекші приоритет, локомотив болатын шығар деген үмітімізді шаң басып қалды. Негізі Астана бас қала ретінде солай жасауы керек еді ғой. Жуық ширек ғасырда тіл мәселесі жетісе қоймайды-ау.
Астана олай жасамады, жасауға да құлқы жоқ. Себебі, қараорыстың мекеніне айналды.
Одан кейін мынадай өте жиіркенішті үрдіс қалыптасқан:
Қатыны да, еркегі де шала-құла, орысша, қазақша араластырып, басы жоқ, аяғы жоқ, мәңгүрттікпен сөйлей береді. Бұл қараорыстар қазақ тілінің табытын шығаратын түрі бар.
Бұлар неге ресейтілді болуды көксейді!?
Әлем ресейтілділерден сырт айналып жатқанда, бұл қараорыстар Ресейдің сойылының астына өз бастарын апарып тығуда.
Миым жетпей тұр.
Өз еріктерімен отар болуға талпынған мынау қараорыстың тірлігін миым қорытар емес.
Шынымды айтсам, мынау жағдайды көре тұра, тәуелсіз ел екенімізге қатты күмәнмен қараймын.
Бекболат ҚАРЖАН, қоғам белсендісі.
Фото көрнекілік үшін.