Әзербайжан министрі ұшақ апатында көмек берген қазақстандықтарды марапаттады

0
73

Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрі, генерал-полковник Кямаледдин Гейдаров Қазақстан құтқарушыларын AZAL әуе компаниясының ұшағы апатынан кейін көрсеткен көмегі үшін марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AZƏRTAC порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің қол қойған тиісті бұйрығына сәйкес, келесі қазақстандық құтқарушылар «Ынтымақтастық үшін» төсбелгісімен марапатталды:

  • Сейталин Азамат Серікұлы;
  • Аминов Тимур Владимирович;
  • Айдаров Қани Манапұлы;
  • Қараев Саясат Мұсаұлы;
  • Кенжеғалиев Мәжіт Серікбайұлы;
  • Құлханов Әзімбек Шыңдәулетұлы;
  • Күзембаев Ербол Ахметұлы;
  • Меңдібаев Наурызбек Ерланұлы;
  • Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы;
  • Тілеубергенова Айман Мыңбайқызы.

Айта кетейік, бұған дейін апат кезінде ерлік көрсеткен 69 қазақстандыққа, оның ішінде жергілікті тұрғындарға, медицина қызметкерлеріне, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға алғыс хаттар мен мемлекеттік наградалар табысталған еді.