“Бешбармақтың” орнына жаңа атау ұсынды

0
203

Танымал түркітанушы Серік Ерғали қазақтың ұлттық тамағы “бешбармаққа” басқа атау беруді ұсынды деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы “Голос народа” сайтына сілтеме жасап.

“Қазақта бармақ деп бас саусақты атайды. Бес бармақ деген нәрсе жоқ. Иә, Сібірден бастап, Үндістанға дейін мекендейтін халық қолымен тамақ жейді. Алайда ол халықтың ешбірі лагманды, палауды бешбармақ деп атамайды. Неге бешбармақ деген атау пайда болды? Сонау Ресей патшалығы тұсында қазақтың ет тамағын қолмен жейді деп бешбармақ деп атап кеткен болуы мүмкін. Бірақ бұл біздің сөзіміз емес” деген түркітанушы археологиялық қазбалардан да ет салынған астаудың табылғанын айтады.

“Бұл дегеніміз сонау ескі заманнан бері біздің халықта ет тамағын білдіретін ас сөзінің болғанын көрсетеді. Алайда ол асқа кейін қамыр, картоп араласқан соң, атауын өзгертуге тура келген. Меніңше, бұл тамаққа жаңаша атау беруіміз керек. Жұрт “бешбармақ” деп жаңылыс атап жүрген тамақтың аты — “асамық”, яғни “асау” және “мық” жұрнағынан құралған сөз “бешбармақ” сөзін алмастыра алады”,-дейді Серік Ерғали.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.