Студент қызды аяусыз азаптап өлтірген

0
110

Қонаев қаласында 18 жасар студент қыз ажал құшты. Марқұмның әпкесі қылмыскерлер жазадан құтылып кете ме деп қауіптеніп, #НемолчиKZ қорына жүгінген деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.

Марқұм небәрі 18 жаста, есімі Жаннұр, колледжде аспаз мамандығы бойынша оқитын. Туыстарының айтуынша, күдіктілердің төртеуі де қонаевтықтар, 18-21 жас аралығындағы жастар деп болжануда. Қыз қылмыскерлердің бірімен жақында, шамамен екі апта бұрын танысқан. Ал қылмыс 14-15 наурыз аралығында орын алған.

«Олар қыздың телефонын алып, атынан несие алып, қала сыртына алып шығып, сойылмен аямай ұрып-соғып, Бақанас жақтағы далада қалдырып кеткен. Туыстарына оның мәйіті 21 наурызда табылғанын хабарлады», — деп мәлімдеді қор.

Үлкен әпкесі мәйітті өзі мәйітханалардан іздегенін айтты, өйткені оның нақты қай жерде екенін ешкім айтпаған. Оның айтуынша, денесі жан түршігерлік көгерген, бетінде тірі жер болмаған, қолында байлау іздері болған.

Қонаев полициясы күдіктілерді ұстады, бірақ туыстарының айтуынша, екеуі ғана ұсталып, екеуі бостандықта жүр. Туыстары қылмыскерлер жазадан құтылып кете ме деп қауіптеніп отыр. Күдіктілердің қазірдің өзінде екі адвокаты бар, бірақ марқұмның мүддесін қорғар ешкім жоқ.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.