«Димашқа не болған?» деп таңғалды

0
264

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жақында жаңа бейнебаяны жарыққа шықпақ. Өнер иесі клип үшін имиджін өзгертіп, ерекше образ жасаған, деп хабарлайды  Drmocrat.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасап.

Димаштың жаңа туындысы — When I’ve Got You деп аталады. Әнші Instagram-дағы парақшасына жариялаған суреттен ұзын шашы мен ұзын тырнағы бар Димаштың тақта отырғанын көруге болады.

Димаштың айтуынша, оның бейнебаяны бір аптадан кейін Түркиядағы баспасөз конференциясында көрсетіледі. «Достар, 26 ақпанда Стамбұлда баспасөз конференциясы өтеді. Онда бонус ретінде менің When I’ve got you әніне түсірілген жаңа бейнебаяным көрсетіледі.

Бір аптадан кейін Түркияда кездескенше, Dears», — деп жазды Димаш Құдайберген.

Фото ашық дереккөзден алынды.