Діндегі логикаға сыймайтын дүниелер

0
104

Қай намазхан, діншілден сұрасаңда адамды азғырушы шайтан екенін айтады. Аллаһтың лағнетіне қалған Ібіліс ақырзаман келгенде қайда кетеді?

Адамдар түсінікті, не жұмаққа, не тозаққа кетеді.

Аллаһтың оң қолы, құдіретті періште болған, Аллаһтың адам жаратылғанға дейін сүйіктісі һәм бас көмекшісі болған Ібілістің жазасы қандай болмақ?

Жәннатқа бармасы анық, сонда Ібілісті де тозаққа салмақ па?

Тозақтың сипаты ыстық от! Топырақтан жаратылған күнәһарларды тозақта терісін жанған сайын, кері қаптап өртеп азаптайды!

Ал шайтан, жын (ілбіліс) оттан жаратылған.

Жындардың шығу тегі бойынша исламда : «Жындарды да (адамнан бұрын) түтінсіз оттан жаратқан едік» («Хижр» сүресі, 27-аят), ал «Рахман» сүресінің 15-аятында «Жындарды оттың жалынынан жаратты» деп олардың жаратылысын баяндайды. Құранның соңғы сүрелерінде келтірілген. Құран сөзінде Ібіліс Аллаһтың тілін алмаған, Адам атаның алдында тізе бүгуден бас тартып «Мен одан артықпын, Сен мені оттан, оны топырақтан жаратқансың» деп қарсы шықты. Міне осы әрекеті үшін ол көктен қуылып, тозақ отына түсуге ұйғарылды дейді.

Енді логикалық сұрақ?

Шайтан, жын өзі оттан жаратылған болса тозақтың отына түссе «ванна» қабылдағандай болмай ма?

Осы тұрғыдан мықты деген дінкештерге сұрақ қоямын, ләм деп жауап бере алмайды.

Қалай жауап берсін,ол туралы ойламаса.

Соны біздер, діннен алшақ адамдар ойлаймыз.

Ойлағанда да жанымыз ашып емес, кәдімгі ой ғой санаға келер.

Біз сол себепті дінен алшақпыз,өйткені әр нәрсеге ойланбай бас қоймаймыз.

Тозақта күнәһарларды отқа қақтайтын болса, демек тозақта ауа бар деген сөз.

Негізі от жану үшін мына үш фактор болуы шарт:

1) Материал ( Жанғыш зат)

2) Ауа ( Оттегі)

3) Температура ( Ұшқын )

Оттан жаратылған Ібілісті мұзға қатырып,не суға батырып азаптаған дұрыс,уот Ібілістің тозағы сол болар еді.

Ал Құранда Ібіліс тозаһтағы басты фигура ретінде, оның азғыруына ерген адамдар тозақтағы отын ретінде айтылады.

Құранда логика жоқ екені,тіпті қарапайым адам ойлайтын нәрсені қисынға келмеседе оңды-солды пере салатына қарап исламнан безіп кетуге болар еді.

Дархан ҚУАНОВ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.