Доллар “ұшып” барады

0
224

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 469 – 474 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 1 шілдеге арналған ресми бағамы — 1 долларға 471,46 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,53 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 469 – 474 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 470,9 – 471,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,27 – 5,41 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 28 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 6,20 теңгеге қымбаттап, 471,84 теңге болған.