“Екі жүз адам концертке тегін кіреді”: Ticketon басшысы техникалық ақауға байланысты кешірім сұрады

Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне билет сатып алу кезінде Ticketon.kz сервисінде техникалық ақау пайда болды. Сервистің негізін қалаушы Алексей Ли Threads-тағы парақшасында ақаудың себебін түсіндірді. Ол әншінің жанкүйерлерінен кешірім сұрап, қолайсыздықтың орнын толтыратынын уәде етті.
Алексей Ли сатып алушылардың үмітін ақтай алмағанын мойындап, түсініктеме берді.
“Біз Ticketon.kz инфрақұрылымын алдын ала күшейттік — серверлерді үш есеге арттырдық. Бұңан дейін ең жоғары сұранысқа ие болған концертті ескердік. Мысалы, Корждың концертіне 13 500 билет 1,5 сағатта сатылған елі. Алайда бұл жолы концертке қызығушылық білдіргендердің ауқымы дұрыс есептемеппіз. Сайт істен шыққанда техникалық команда жедел түрде Cloudflare компаниясының жүктемені басқару бойынша электронды кезегін енгізді. Бірақ бұл шешім шұғыл қабылданғандықтан, кейбір маңызды техникалық ерекшеліктер ескерілмей қалды. Соның салдарынан көптеген тапсырыстар брондалып, билеттердің қайталанып сатылу қаупі пайда болды. Мұны байқаған сәтте сатылымды бірден тоқтаттық. Түні бойы тапсырыстарды қолмен тексеріп, қайталанғандарын алып тастадық, алыпсатарларды анықтап, әр клиентке жеке шешім іздедік”, – деп ақталды Алексей Ли.
Түнге қарай компания тапсырыстары дұрыс рәсімделген адамдарға ваучерлер жібере бастаған. Алексей Ли сервердің техникалық қызметкерлері ақауды жою үшін жұмысын жалғастырып жатқанын айтты.
“Қолында ваучері барлар алаңдамай-ақ қойса болады. Бүгін біз барлық тексеруді аяқтап жатырмыз және қалғандарына ваучерлер жібере бастаймыз”, – деді ол.
Сатып алушылар тарапынан ешқандай наразылық болмас үшін Ticketon.kz сервисінің басшысы мынадай шаралар қабылдады:
- Билет санатына қарамастан барлық сатып алушыларға Ticketon комиссиясын қайтарамыз. Ticketon тегін жұмыс істейді;
- Тапсырыстары басқа көрермендермен қайталануы мүмкін клиенттермен жеке жұмыс жүргіземіз. Біз екі нұсқа бойынша әрекет етеміз:
- Ticketon.kz өз есебінен көп сатып алушылардың билеттер класын жаңартады;
- Баға сегментінде жеңілдік жасаған адамдарға билет құны толық қайтарылады. Шамамен екі жүз адам концертке тегін кіре алады.
Алексей Ли былтырдан бері Ticketon.kz-тің жаңа нұсқасын әзірлеп жатқанын және оны күзде іске қоуды жоспарлап отырған натап өтті. Ол қолайсыздықтар үшін көпшіліктен кешірім сұрады.
“Мен шын жүректен кешірім сұраймын. Бұл оқулықтан үйрене алмайтын және билет сататын қазақстандық сервистің бірінің басынан өтепегн тәджірибе. Біз шыңдаламыз және Қазақстанда әлемдік деңгейдегі отандық қызмет көрсету үшін өз қателіктерімізден сабақ алуға дайынбыз. Баршаңызға шыдамдылық пен қолдау көрсеткеніңіз үшін рахмет”, – деп жазды Алексей Ли.
Бұған дейін Дженнифер Лопестің концертіне билет сататын сайт істен шыққан еді. Адамдарға “Сіз кезекте тұрсыз. Төрт сағат күтуіңізге тура келеді” деп ескерту келген