Қай футбол командамыз бірінші лигада ойнайды?

0
54

Футболдан 2024 жылғы маусымда Қазақстан Бірінші лигасына қатысатын командалардың алдын ала тізімі белгілі болды деп хабарлайды ҚазАқпарат

Биыл Бірінші лигада «Ақжайық» (Орал), «Тараз»,«Каспий» (Ақтау),«Қыран» (Түркістан облысы), «Tүркістан», «Қайрат-Жастар» (Алматы), «Хан Тәңірі» (Алматы), «Арыс» (Түркістан облысы), «Ақсу» (Павлодар), «Ұлытау» (Жезқазған), «Жетісай» (Жетісай), «SD Family» (Астана), «Қайсар-жас» (Қызылорда), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Екібастұз» (Павлодар облысы), «Іле-Сәулет» (Алматы) командалары сынға түседі.

Өткен жылы Қазақстан Премьер-лигасынан «Каспий», «Ақсу», «Оқжетпес» командалары шығып қалса, олардың орнын «Елімай», «Тұран», «Жеңіс» командалары басты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ринат Алюетов «Тұран» командасының бас бапкері болды.