Қай өңірінде еркек көп?
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан аймақтарында қанша ер мен әйел тұратынын есептеді. Сондай-ақ, қалалар мен ауылдардағы халық саны туралы мәліметтер ұсынылды, — деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
Бюро мәліметінше, Қазақстанның әйелдер көп тұратын аймағы – Алматы. Жыл басында қалада 1 192 870 әйел болған.Өз кезегінде ерлердің ең көп саны – Түркістан облысында тұрды, 1 092 059 адам.
Жалпы, 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда 9 815 465 ер адам және 10 280 498 әйел адам болған. 12 513 014 қазақстандық қалада, 7 582 949 адам ауылда тұрады.
Қала халқының ең көп үлесі Қарағанды облысы (81,7 пайыз), Ұлытау облысы (79,2 пайыз) және Ақтөбе облысында (75 пайыз), ең азы – Алматы (16,1 пайыз), Түркістан (24,7 пайыз) және Жамбыл (43,5 пайыз) облыстарында.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.