Қайрат Нұртасты полиция жауапқа тартуы мүмкін (ВИДЕО)

0
296

Қайрат Нұртас өзінің әлеуметтік желісінде түрлі видеоларын жүктейтіні белгілі. Алайда сондай видеоларының бірі үшін енді жауапқа тартылуы мүмкін деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы Azattyq Rýhy.-на сілтеме жасап.

Бұл жолы әнші сторисінде қалай көлік айдап бара жатқанын салған. Аппақ теріден жасалған көлік ішінде отырған Қайроштың көлік маркасы немесе үстіне киген киімі емес, полицейлердің назары оның қауіпсіздік белдігін тақпағанына түсуі әбден мүмкін. Екінші бір сторис видеосында да Қайрат басқа бір көлікте кетіп бара жатқанын салды. Ол жерде де әнші қауіпсіздік белдігінсіз рөлге отырғаны көрініп тұр.

Фото ашық дереккөзден алынды.