Қайрат Сатыбалды тағы да ақша қайтарып берді
Мемлекет басшысына берген есебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали осындай мәлімет келтірген, деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
– Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында биыл ақпан айында бюджетке тағы да шамамен 82,6 миллиард теңге (185 млн АҚШ доллары) түскен, – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Сатыбалдының «мемлекетке қайтарған» қонақ үйі жайлы тың дерек шыққан еді. Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында жеке компания басшысының өкілі Асқар Өтешов Алматыдағы қонақүй рейдерлік жолмен қалай тартып алынғанын айтып берген.
Фото ашық дереккөзден алынды.