Көлік түтіні үшін -1 млн.400 мың теңге айыппұл арқалауыңыз мүмкін

0
182

Ал, көлігі ескі ағайын, енді ұсталған жерде пара беріп құтылатындай, әмияныңа ақша салып жүруге тура келеді деп жазады қоғам белсендісі Төртуыл Шоқан Facebook парақшасында.

Көлігіңнің «артынан» шыққан көктүтін улы деп танылса, 1 млн 400 мың айыппұл арқалауың мүмкін!

Ұсталған жерде пара беріп —
проблемаңды «на месте» шеше алмасаң —шешіліп алынған көлігіңнің мемлекеттік тіркеу номерін қайта көрмейсің.

Өзі көлік шығармайтын ел үкіметі осындай заңды депутаттардың талқысына салмақ.

Заң қабылданса —ескі көлігіңді есігіңнің алдынан шығара алмайсың, ұқтың ба?
Өйткені, үлкен қала маңындағы экопосттарды айналып өту енді «өтпейді».

Заң қабылданса экология басқармасы мамандары полиция құрамы мен бірлесіп аула, ауыл, қала, мекендерді аралап, жол бойында да тексермек.

Үкімет кедей әкенің 18 жасқа толмаған балаларына берген 100$-ын (күніне 128 теңге) осылай қайтармақ па?

Ел ішінде бар 4 млнға жуық көліктің 6%-ғана жаңа, 2 млн данасының зауыттан шыққанына 20 жыл болған.

«Утиль» мен «первичка», т б кедендік салықтар кесірінен көлігін жаңалай алмаған ағайын қалтасына тағы да салмақ түспек.

Лаиктің өзін «қарызға» басатын қазақтың мұндай ірі проблемардың шешілуін қолдауы екіталай.

«Бұл ескі көлігі барлардың проблемасы» деп қарау—көршісінің өртеніп жатқан үй отына мал басын үйітіп алмақ болған хайуани тірлік пен пара-пар.

Ел ішіндегі проблемалардың бәрін өзіңдікіндей көрмейді екенсің— біл!
Күні-ертең өз басыңа түскен проблемаңды да ешкім көтермейтін болады!

Фото ашық дереккөзден алынды.