Мексикада жасанды интеллект көмегімен алғашқы сәби дүниеге келді

0
114

Мексикада медицина саласында теңдессіз оқиға ,jлды – жасанды интеллект басқаратын толық автоматтандырылған ИКСИ (интрацитоплазмалық ұрық енгізу) әдісі арқылы алғашқы бала дүниеге келді.

Бұл технологияда адам қатысуы барынша азайтылып, барлық әрекетті жасанды интеллект жүйесі орындаған. Ғалымдар сперматозоидты арнайы пипетка арқылы таңдап, дәлдікпен аналық жасушаға микроинъекция жасаған. Жүйенің дәлдігі эмбриологтардың қолмен жасайтын әдістерінен де жоғары болып шыққан.

Эмбрионды құру процесі де автоматтандырылған ИКСИ жүйесі арқылы, оператордың қашықтан басқаруымен жүзеге асқан. Кейінірек эмбрион 40 жастағы әйелдің жатырына имплантацияланды. Жүктілік сәтті өтіп, әйел толыққанды, сау ұл баланы өмірге әкелді.

Бұл жетістік репродуктивті медицинадағы жаңа дәуірдің бастамасы ретінде қарастырылып жатыр. Жасанды интеллекттің жоғары дәлдігі мен тәуекелдерді азайту қабілеті болашақта бедеулікті емдеу мен ЭКО процедураларын тиімдірек етудің жолдарын ашады.