«Мектепте жаңа жылды тойлаудың керегі жоқ» дейді белсенді ұстаз

0
5139

Әлеуметтік желіде жаңа жылға қатысты пікірін жазған  белсенді мұғалім Жанна Сакетаева жұртшылыққа сауал тастады деп жазады Democrat.kz.

Өз жазбасында ол: «Жаңа жыл мерекесі мектепте өтілуге тиіс пе? Біздің ұлттық құндылық қайда қалды!? Жалпы жаңа жыл отбасылық мереке дейміз де мектепте атаймыз дүркіретіп.

Мектепте оқу процесіне кедергі келеді!Мен өзім қарсымын! Мектепте жаңа жылда шырша құрып ,шыршаны айналу ол совет одағынан қалған үрдіс, оның орнына Наурыз мерекесін жақсылап атап өтсе! Неге бас тартпаймыз! Басқа өңірлер қандай шара жасағалы жатыр?» деп сауал қойды.

Жанна Сакетаеваның бұл сұрағына «әлем бойынша жаңа жыл 31-нен 1-қаңтарға ауған түні басталады. Бүкіл әлем тойлайды, онда тұрған не бар?», «мектепте атап өтудің керегі жоқ», «қалалық шыршаға балаларды апару керек, болды» деп пікір жазуда.

Қалай ойлайсыз, мектепте жаңа жылдық концерт өткізудің керегі бар ма, жоқ па?

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.