“Мені де соттаңдар!” деп жазды Дина Елгезек

0
1973

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қоғам белсендісі, журналист Дина Елгезек мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

Журналист ” Дұрыс! Бәрін соттап болдыңдар ғой.

Енді менің үстімнен қылмыстық іс қозғау ғана қалды.
Соттаңдар мені! Менімен қоса 20 млн халықты соттаңдар!” деп жазды.
Естеріңізге салып өтейік, бірер күн бұрын Дина Елгезек өз парақшасында:
 “Нұрлан Нығматуллин өйтті, Дариға Назарбаева бүйтті. Айналып кетейіндер, Нығматуллин мен Назарбаевтардың өйтіп-бүйткенін сендерсіз-ақ білеміз.
Дәурен Дәриябек деген жақсы көретін журналист інім “бақаны қазанда қайнап жатқан ыстық суға салып жіберсең, ыршып ыстық судан секіріп кетеді.
Ал егер қазандағы мұздай суға салып, астына жаймендеп от жағып қойсаң, бақа пісіп кеткенін байқамай қалады. Тоқаевтың қазіргі саясаты дұрыс” дегендей пікір айтып айтып еді өткенде.
Биылғы наурызда Назарбаевтың Тоқаевты билікке әкелгеніне 6 жыл болады. 6 жыл саясаткерге берілген көп уақыт!
6 жылда Тоқаевтың не қазаны қайнап болмады, не бақасы пісіп болмады ғой…
30 жыл билік еткен олигархат елді талан-таражға салды ма? Қылмыс жасады ма? Қолда екібастан дәйек пен дерек жетеді.
Манипуляцияны доғарып, іске кіріс! Жасай алмайсың ба, уақытты созып, елді алдауды доғар…
6 жылда не экономика дұрысталмады, не саяси реформа жасалмады.
Инфляция шарықтап, теңге құнсынданып, халықтың әлеуметтік жағдайы күрт нашарлап кетті.
6 жылда халық нақты қорытындыны талап ете бастайды” деген жазбасына Zhanerke Kayratkyzy атты желі қолданушы Ақорданы тегтеп, “Президентке қарсы ақпараттық шабуыл жасалуда” деп дабыл қағыпты.

 

 

 

 

 

 

 

Дұрыс! Бәрін соттап болдыңдар ғой.

Енді менің үстімнен қылмыстық іс қозғау ғана қалды.

Соттаңдар мені! Менімен қоса 20 млн халықты соттаңдар!

 

 

 

 

 

 

 

 

Дұрыс! Бәрін соттап болдыңдар ғой.

Енді менің үстімнен қылмыстық іс қозғау ғана қалды.

Соттаңдар мені! Менімен қоса 20 млн халықты соттаңдар!