Миллиардер Турловтың мүлкіне тыйым салынды
Қазақстандық миллиардер Тимур Турловтың мүлкіне Ресейден қаражат шығаруына байланысты тыйым салынды. Бұл туралы emocrat.kz ақпараттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ресейдің Нижний Новгород облысының арбитраждық соты 14 наурызда арнайы қаулы шығарды.
«Жылжымайтын мүлікке, «Marine Operations Services» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі 49% үлесіне, Тимур Русланович Турловқа тиесілі 18 950 615, 38 еуроға және 2 046 646, 15 долларға қолма-қол ақшаға және басқа да мүлікке тыйым салу түріндегі уақытша шаралар қабылдансын», — делінген қаулыда.
Фото ашық дереккөзден алынды.