Нұрлан имамның бұл уағызы жұрттың ашуына қатты тиді (ВИДЕО)

Нұрлан имамның әлеуметтік желіде тараған келесі бір уағызы “қазақпын” дейтін азаматтардың ренішін тудырды деп жазады Democrat.kz.
Бұл уағызында Нұрлан имам әйелдің бала емізуі мен сүт шеше түсінігіне тоқталыпты.
“Роддомда әйел көрінген баланы емізе бермеу керек. Шариғат бойынша бөтен баланы емізсе, сол баланың шешесі боласыз. “Ақ сүт берген” анасы боласыз. Оны танысаңыз да, танымасаңыз да – анасы боласыз.
Сол сіз емізген бала сіздің қызыңызға үйленіп кететін қауіп бар. 25-30 жылдан кейін айналып келіп, сіз емізген баланың бірі қызыңызға үйленем десе, екі бауыр үйленген болып саналады. Сондықтан емізген баланың кім екенін, әке-шешесінің кім екенін білу керек”, – дейді.
Нұрлан имамның бұл уағызы көп қазақтың көңілінен шықпады. Содан болса керек, “емізгеннен ештеңе болмайды. Сиырдың да сүтін емдік қой”, “араптың шариғаты бұл. Қазақтың жеті ата, қан деген түсінігіне сай келмейді”, “ДНК сүтпен берілмейді”, “сөйлейді деген сайын оттап кетті бұл да” деп ренішін білдіргендер аз емес.
Дайындаған – Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.
Фото интернеттен.