Нұрсұлтан «ұстаздың» үстіндегі киім қызу талқыға түсуде
Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан ұстаздың ұзын етекті киіммен түскен суреті қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.
Суретке анықтай қарасаңыз, әлеуметтік желіде «Хит Ұстаз» атанған Нұрсұлтан Рымағамбетұлы расымен де ұзын етекті көйлек киіп алғанға ұқсайды. Өз тарапымыздан «ұстаздың» үстіндегі киімнің қай үлгідегі киім екенін қарастырып көріп, ешбір нақты жауап таппадық. Мұсылмандар киетін ұзын етекті киімнің үлгісіне келмейді екен. Олай болса, «ұстаз» бұл киімді не үшін киген деген сұраққа бірге жауап іздеп көрелік. Сіз қалай ойлайсыз?
Ал бұл уақытта сурет жариялап, осыған байланысты азаматтар әралуан пікірін ортаға салуда. Бірі даттап, енді бірі жақтап жатқан пікірлерді жоғарыдағы сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Фото ашық дереккөзден алынды.