Оқушылардың тілі шұбарланып кетті

0
260

Тілімізді сақтау асыл міндетіміз” деген білікті ұстаз, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Ақмарал ШАТЕМІРҚЫЗЫ өзінің парақшасында Алматы қалалық білім басқармасына сұрау салды деп жазады Democrat.kz.

“Мені, Тәуелсіз Қазақстанның азаматы ретінде, мемлекеттік тіліміздің шұбарланып жатқаны қатты алаңдатады.

Алматыдағы барлық мектептер саны — 215.

Оның ішінде:

Таза қазақ тілді мектеп — 76 мектеп

Орыс тілді мектептер саны — 59 мектеп

Аралас — 77 мектеп

Ұйғыр тілді — 3 мектеп

Яғни, Алматы қаласында мемлекеттік қазақ тілді мектептер жалпы мемлекеттік мектептердің 35%-ын ғана құрайды.

Алматы тұрғындарының да, білім алушылардың да тілі қатты шұбарланып, орыстанып кетті.

Бүгін Әуезов Ауданы нда өткен

#қала_әкімі_Е_А_Досаев мырзамен кездесу кезінде қарым-қатынас тілінің 95%-ы орыс тілінде жүргізілді. Осыдан-ақ тәуелсіздік алғалы, 33 жыл өтсе де, мемлекеттік тіл мәселесінің түйіні шешілмегендігін, керісінше, тіліміздің жойылып бара жатқанының куәсі болдық.

Тәуелсіздікке қол жеткізгелі, Мемлекеттік Тіл барлық қазақстандықтардың басын қосатын ортақ тілге айнала алмай келеді.

Мектептердің аралас тілді болуы қазақ сыныптарында оқитын бабалардың да тілін шұбарлатып жіберді. Қазақ тілінің тазалығын сақтауды да назардан тыс қалдырдық. Шорқақ ойлы, шұбар тілді ұрпақ өсіп келеді.

Мектептерде білім алушылардың тіл шұбарлануы – мемлекеттігімізді сақтап қалуымызға үлкен қауіп.

Алматы қаласында салынып жатқан жайлы мектептер туралы ресми ақпарат беруіңізді сұраймын.

  • Мекен-жайы
  • Оқыту тілі

ҰСЫНЫС

Салынып жатқан ұлттық жайлы мектептердің оқыту тілі қазақ тілінде болып, ағылшын, орыс тілдері шетел тілі статусымен оқытылсын.

Бабаларымыздан мирас болып қалған тілімізді сақтау – асыл міндетіміз”,- деп жазды білім саласының тәжірибелі қызметкері Ақмарал ШАТЕМІРҚЫЗЫ.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.