Оралда жағдай әлі тұрақталмады

0
37

Орал қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілген режимде жүріп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Қорғаныс құрылыстарын нығайту шараларына облыс бойынша 10 мыңнан астам адам мен Қазақстанның басқа өңірлерінен тартылған 2 мыңнан астам техника жұмылдырылған. Азаматтарды құлақтандыру жұмыстары сағат сайын жүреді. Өңірге көмекке келген қосымша күштер аумақтар бойынша бөлініп, өз жұмыстарына кірісті.

Өзен жайылмасында орналасқан саяжай тұрғындары көшіріліп жатыр. Асқар Шәріп, ҚР ТЖМ өкілі: — Өткен тәулікте Орал қаласында Стеновик бау-бақшасында 4 адам құтқарылды. 61 адам эвакуацияланды. Қалған тұрғындар бұған дейін эвакуацияланған болатын. 1400 адам уақытша орналастыру пунктерінде, қалғаны туыстарының үйіне орналастырылды. Саяжау аумағында қалып қалған тұрғындардың бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Фото ашық дереккөзден алынды.