Пайғамбардың ұрпағы түрмеде отыр

0
278

ТикТок әлеуметтік желісінде блогер Мұрат Әбділданың бұрынғы видеосы қайта жарыққа шықты деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

Блогер сол видеосында өзінің Қожа руынан екенін айтып: «Біз Қожа руынан боламыз. Пайғамбардың — ұрпағымын. Қожа Ахмет Ясауидің, Арыстан Бабтың — ұрпағымын. Алайда Пайғамбардың ұрпағымын деп айтуға ұяламын. Себебі мен сыра ішемін, шылым тартамын, екі сөзімнің бірі боқтық сөз» деп ағынан жарылады Мұрат Әбділда.

Бұл видеоға қатысты пікір жазғандар «шындықты айттың!», «өз қатесін мойындау — ерлік» десіп жатыр. Ал бір оқырман «Шымкентте Сәуледе изоляторында менттерге өлең,айтып беріп темекі шегетін сен емеспе» депті.

«Ақсүйек» саналатын, Қожа руынан, Пайғамбар ұрпағымын деген блогер Мұрат қазіргі кезде қамауда жатыр. Қамауға ол бейәдеп, боғауыз сөздері үшін алынғаны мәлім. Ескерте кетейік, сілтемедегі видеода да блогер өте әдепсіз, боқтық сөздер айтады.

Фото интернеттен көрнекілік үшін алынды.