Сарыағаштық қыз 13 жасында салафитке әйел болған

0
286

Танымал заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында сұмдығы мен шындығы астасқан сұхбат жариялады деп жазады Democrat.kz.

Заңгермен сұхбаттасуға келген Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының тумасы Айша есімді келіншек өз басынан өткен оқиғаны бүкпесіз баяндап берді.

«Оның қинауымен төсек қатынасы болды. Ол кезде 13 жаста едім. «Біреуге айтсаң, мыналарды көрсетем» деп менің киімсіз сурет, видеоларды көрсетіп, қорқытты. Полицияға шағымдандым. Бірақ оған ештеңе де істемей, босатып жіберді. «Маған полиция ештеңе істей алмайды. Олар менен қорқады» дейді. Қазір жасым — 18-де»,- деген Айша 13 жастан кейін мектепке де бармай қойғанын айтады.

«Хиджабым үшін мектепке кіргізбеді. Кейін мен салафит Жеңісбектен қашып құтылып, басқа салафит жігітке күйеуге шықтым. 2024 жылы Жеңісбек келіп, күйеуіме менің жалаңаш фото-видеоларымды көрсетіп, «бұл менің әйелім» деп, мені одан алып кетті», — дейді Айша.

Заңгердің: «Күйеуің «анау адамды өлтір!», «мынау адамды ұрып таста!» деген сияқты бұйрық берсе, орындайсың ба?»-деп сұрады.

Бұл сұраққа 18 жасар Айша: «Маған күйеуі разы болатын бүкіл тірлікті істеу керек» деп айтқан. Бәріне дайынсың ба деп сұрайды. Уақыты келгенде, Сирияға кетуге дайынсың ба, соғысқа барасың ба деп сұрайды»,- деп жауап берді.

«Біз сияқтыларды кім дейсіңдер?» деген Айгүл Орынбектің сұрағына қара ниқаб жамылған Айша еш ойланбастан «кәпір дейміз» деді.

Фото интернеттен алынды.