«Шешеңді сыйлайын» Президенттен көмек сұрады

0
286

Халыққа «шешеңді сыйлайын» деген сөзімен танымал болған блогер Мадияр Телғозин Президенттен көмек сұрап, видо жариялады деп жазады Democrat.kz.

«Соңғы видеома байланысты маған көптеген кісі жазып, хабарласып жатыр. «Қатты айтып жібердің, бауырым» деп», — деген блогер Бауыржан Момышұлының бір айтыста сахнаға шығып, жамбасын ұстап, «бұл не?» деп сұрағанын, жұрттың «жамбас», «құйрық» деп, ал батыр атамыз «бұл — көт. Әр нәрсені өз атымен айтайық» дегенін мысалға келтірді.

Бауыржан Момышұлы олай деді ме, демеді ме, ол жағын біз білмедік. Алайда Мадиярдың айтқысы келгені де «Депутат Ермұрат Бапиға к…тіңе тығып қой!» дегенін тура мағынасында айтқанын түсіндіргісі келген екен.

Қош, сонымен кола төккіш, дін жанашыры бұл жолы не айтты? «Депутат мырзалар! Біздің елімізде қанша мың намазхандар бар. Сіздер осылардың тағдырымен ойнап, осылардың билікке деген көзқарасын өзгертіп жатсыздар! Президент мырза, осыны елеп-ескеріңіз. Біз еліміздің жастары дініміз үшін, еліміз үшін, жеріміз үшін қызмет етуге дайынбыз. Бірақ депутаттар орамалмен, сақалмен алысып жүргенде, бізде үкіметке деген қандай сенім қалады?»- дейді Мадияр Телғозин.

Фото видеодан скринделіп алынды. 

@telgozin

#Қазақстан🇰🇿#шешеңерахмет

♬ оригинальный звук — Мадияр