Сириядағы жағдай: Газ құбыры үшін мыңдаған адам ажал құшты
Сирия соғысының себебі газ тасымалдау екені бұрыннан мәлім еді. Өткенде швейцариялық әскери тарихшының лекциясын көрдім. Тәптіштеп баяндайды.
Парсы шығанағының Қатар мен Иран шекараласатын тұсында Солтүстік және Оңтүстік Парс деп аталатын кен орны бар. Онда 28 трлн м куб газ бен 45 млрд баррель мұнай барланған. Өте көп.
2009 жылы Қатар Түркияға осы кен орнынан Сирия, Түркия арқылы Еуропаға газ жеткізуді ұсынады. Түркия қуана келіседі. Тек Башар Асад келіспей қояды. Себебі Иран да осындай ұсыныс жасаған. Оған қоса, Асад отбасы алауиттер сектасына жатады. Ол шииттерге жақын. Иран да Еуропаға газ сатқысы келеді. Асад Иранды қолдайды.
Содан Қатар мен Түркия радикал әскери топтарды 2010-2011жж Сирия жеріне жеткізіп, бүлік бастайды. Азаматтық соғыс жүреді. 13 жылдық соғыстың нәтижесінде 580-620 мың арасында кісі қаза тапты, 7 млн халық бас сауғалап елінен көшуге мәжбүр болды. Қазір 17 млн адам гуманитарлық көмекке зәру.
Ресей мен Иран Қатар газын Еуропаға жеткізбеу үшін барын салып бақты. Себебі Ресей Еуропа сынды негізгі клиентінен айырылып қалудан қорықты. Бірақ ұтылды.
2021 жылы Еуропа тұтынатын газдың 45 пайызы Ресейдікі еді. Украина соғысынан соң ресейлік газды тұтынуды азайтты. Бүгінде ол 7-8 пайызға төмендеген. Еуропаның газ қоймалары 90-95 пайызға толып тұр. Себебі Ресейге балама болатын басқа елдер көп екен.
Енді мыңдаған адам қарумен жүрген Сирияда газ құбыры салына ма, жоқ па, белгісіз. Қаншама қарулы топ бір-біріне бағынбайды. Яғни, құбыр салу өте қауіпті.
Қысқасы, газ құбыры үшін жүз мыңдаған адам бекерге өліп кетті. Исламның түрлі бағытын ұстанатын, бірақ өзін мұсылман санайтын елдердің басшылары көршісін, көршінің миллиондаған халқын аямады.
Нұрмұхамед БАЙҒАРАЕВ, саясаттанушы.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.