Судья Айжан Құлбаеваны қорқытпақ болған

0
293

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша судья Айжан Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Жоғарғы Сот хабарлады. Анықталғандай, судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен. Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі, яғни сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу бойынша іс жүргізу басталды. Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.

Фото ашық дереккөзден алынды.