«Утильсбор» не үшін қажет екенін білесіз бе?

0
229

Көпшілік Утильсбордың не екенін білмесе де, әйтеуір қарсы шығып жатыр. Утильсбордың кемшіліктері бар да шығар, алайда Утильсбор — ол мемлекетке салық. Сондықтан Утильсбордың арзандауын қолдаймын, бірақ толық алып тастауына қарсымын.

Зайырлы мемлекетте салық мәдениеті болады, масылдыққа бой алдыруға болмайды деп ойлаймын. Отандық автоөндірісті қолдау — ол парыз. Мысалы Қытайдың автоөндірісі мемлекеттің қолдауымен дамып жатыр, халық салық төлеуде. Экологиялық салық, тағы басқа.

Министр Шарлапаевтың айтқан сөзіне сенгің-ақ келеді. Бұрын Отандық автоөндіріс “алып келіп — жинай салу” болса, 2027 жылға таман 50% көлік Қазақстанда жиналатын болады. Биыл көліктің 20% жиналады, ал 2025-2026 жылы 40% жетіп қаламыз депті. Жіп-жалғап, автоөндірісті осылай жөнге салсақ …

Көршіміз Өзбекстан сияқты жабылып алуға да болмас. Қазақстанның сыртқы саясатындағы позициясы, барлық салаға әсер етеді. Демек біз Утильсборды қолжетімді дәрежеге түсіріп, бірақ толықтай жоймаумыз керек.

Тағы бір мысал, АҚШ шетел автокөліктеріне 100% салық орнатқан. Бұл да гегемон елдің позициясы. Демек, біз дамыған мемлекеттердің үлгісін қолдануымыз парыз. Басты міндет — өз ішіміздегі нарықты қорғаумыз керек. Ол жөні түзу елдердің жолы. Өз ойым.

Самат НҰРТАЗА,

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.